• 27.05.2024

«Орынбасар Жаңбыршиев шығармашылығы және қазақ сценография өнерінің өзекті мәселелері»

Авторkaznai

Сәу 18, 2024

2024 жылдың 17 сәуір күні сағат 11:00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кітапхана залында, «Сценография» кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі қоюшы – суретші, профессор, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстанның театр қайраткерлер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстаның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Сапа» дипломы және Европа алтын медалі иегері Орынбасар Жаңбыршиевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Орынбасар Жаңбыршиев шығармашылығы және қазақ сценография өнерінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелде: Мерейтой иесі О.Ж. Жанбыршиев жайлы деректі фильм көрсетілді. Өнертану кандидаты, профессор, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті Мұқан Аманкелді Оразбайұлы театр суретшісі Орынбасар Жанбыршиевтың Абай атындағы опера және балет театрына келген жас маман кезінен бастап, кәсіби тың шығармашылық белестеріне тоқталды. Өнертану кандидаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті Шарипова Диляра Сафаргалиевна қоюшы суретшінің шығармаларына өнертану тұрғыда талдаулар жасалды.  Академия профессоры А.Б. Құлбаев мерейтой иесін 70 жылдық тойымен құттықтап, өнер академиясындағы Д.Т. Сүлеев ашқан «Сценография» кафедарасында қызмет істеп, кәсіби мамандар дайындаудағы белестерімен таныстырды. Сөз алғандар қатарында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, қазақ  бейнелеу өнерінде өзіндік орны бар кәсіби шебер суретшісі Рақымжан Садығұлов Сейткендірұлы,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Жеке ән салу» кафедрасының профессоры Махамбетов Жұматай Әмзеұлы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері,  ҚР «Құрмет» орденінің иегері, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Жеке ән салу» кафедрасының доценті Қожанұлы Тілеубек  Орынбасар Жанбыршиевтың шығармашылығы мен өмірі жайлы қызықты мәліметтермен бөлісіп, қылқалам шебері туралы жылы лебіздер,  ізгі ниет, жақсы тілектер молынан айтылды. Өткізілген бұндай іс-шаралар қатысушылар мен студенттерге үлкен әсер беріп, шығармашылық кәсібінде ізденуге зор ықпал ететініне сенімдіміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия