• 18.06.2024

Профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Жел 25, 2023

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауыКафедра меңгерушісіПрофессорДоцентАға оқытушыОқытушы
Музыкалық театр1 (музык.театр актері өнері  қаз. тілінде)1 (вокал. ансамбль)
Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер2 (1-кинокадрды жарықтандыру, 1-фильның дыбыстық шешімі)
Хореография педагогикасы1 (анатомия, балеттік медицина негіздері)
Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар1 (шетел басылымына ғылыми мақалалар жариялаудың әдістемесі)

Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МСМ “Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы” РММ Ғылыми кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы (№10-хаттама) шешімімен бекітілген   ҚР МСМ “Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы” РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге (әрі қарай – Ереже) сәйкес жүргізіледі.

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Аға оқытушыда  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде оқытушы лауазымында  кемінде 3 жыл немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс  өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. Оқытушыда  кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс  өтілі кемінде 3 жыл  болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

Конкурсқа қатысушының жоғары білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі оқытылатын пәннің бейініне сәйкес келуі міндетті.

Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар Академия ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

  1. конкурсқа қатысушы өзі толтырған, тұрғылықты мекенжайын, байланыс телефондарын (үй, жұмыс, ұялы телефондары) және электронды мекенжайын көрсеткен кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (фотосуретімен).

Жеке парақтағы еңбек қызметі жайындағы ақпарат конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатқа сәйкес толтырылады. Конкурсқа қатысушының жеке парағында көрсетілген еңбек қызметі конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатпен сәйкес келмейтін болса, онда құжатта келтірілген ақпараттар ескерілетін болады;

  • өмірбаян;
  • жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша;
  • тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • еңбек кітапшасы;
  1. соттылығы бар немесе жоқ туралы анықтамасы;
  2. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  3. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  4. оқу-әдістемелік құжаттама (хабарландыруда көрсетілген пәндерге сәйкес силлабус).

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамада  ұсынылғанда немесе өтініштерді беру мерзімін бұзу жағдайларында тұлғасының құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

           Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет  (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2024 жылдың 21 қаңтарына дейін өткізілуі керек.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия