• 22.12.2024

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы 18 сәуір күні IV қалалық «Science, Creative & Art Forum 2024» атты студенттер форумын өткізді. Форум жұмысына Алматы қаласының бірқатар жоғары оқу орындары қатысты: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы ҚазХҚӘТУ, ҚазҰҚПУ, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), КИМЭП университеті. Форумды ұйымдастырудағы басты мақсат студенттердің өзара таныстығы, идеялар алмасу, бәсекелестік, пен шығармашылық және инновация рухын ояту.

Академияның тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ш.Қ. Ергөбек құттықтау сөз сөйледі.

Форумның жұмысына қатысқан топтар үш алаңда бақтарын сынады. Бірінші алаң «Ақыл ойындары» деп аталатын ғылыми-танымдық ойын болды. Қатысушылар Қазақстан тарихы мен мәдениеті сияқты өзге салаларды да қамтитын сұрақтарға жауап беруі тиіс болды. Екінші алаң «Инновациялар зертханасы» деп аталатын StartUp конкурсы болды. Әр топ қазіргі трендтер мен бизнес саласының маңызды бағыттарын көрсететін өздерінің стартап-жобаларын таныстырды. Үшінші алаң «Be The Best» деп аталатын театрландырылған қойылымға арналды. Қойылымдар бүгінгі қазақстандық қоғамның субмәдениеттер әлеміне арналды.

Топтардың барлық жұмыстарын сараптай келе, Форумның жеңімпаздары анықталды:

1 орын –  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «VCHA» тобы;

2 орын – Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Абылай хан» тобы; «DreamTeam» тобы AlmaU

3 орын  –  «Сандық элита» тобы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

                «Жаңа дәуір» тобы КИМЭП университеті

                Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тобы

Сонымен қатар, «Музыка өнері», «Театр өнері», «Хореография» факультеттерінің 2 курс студенттері Форумға қатысушыларға арналған концерттерін ұйымдастырды.

Форум жұмысын ұйымдастыру ісіне «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы жауапты болды: Алимжанова А.Ш., Божбанбаев Б.М., Удербаева Л.Д., Усенова М.Б., Кулдибаев Е.К., Тауенов К.Е., Жумагулов М.О., Нурмухамбетов А.А.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия