«Экран өнері режиссурасы» кафедрасы

Абишев Серік Ержанұлы
Кафедра меңгерушісі
Толығырақ
Кафедра меңгерушісі Әбішев Серік Ержанұлы — Режиссура саласында PhD, 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап «Экран өнерлерінің режиссурасы» кафедрасының меңгерушісі.
«Экран өнерлерінің режиссурасы» кафедрасы кино және теледидар продюсерлері мен режиссёрлерін (бакалавриат), режиссёрлерді (магистратура), кино және теледидар режиссёрлерін (докторантура) даярлайды.
Кафедра оқытушыларының арасында — толықметражды көркем және деректі фильмдердің қолданыстағы режиссёрлері мен продюсерлері, теледидар жобаларының режиссёрлері, сценаристер, кино және теледидар редакторлары бар. Олардың бір бөлігінің — өз продакшн-компаниялары бар (Жасұлан Пошанов, Серік Әбішев, Шарипа Уразбаева, Сергей Азимов), солардың негізінде студенттер нақты өндірісте тұрақты түрде практикадан өтеді.
Кафедра түлектері дебюттік жобаларды Ұлттық кино қолдау мемлекеттік орталығына (ҰКҚМО) қаржыландыруға тұрақты түрде ұсынады. Қаржыландыру алғандардың арасында: Аяна Нуридинова — «Мұғалім» толықметражды ойын фильмі (2026), Ядыкар Ибраимов — «Голос ледника» деректі фильмі (2022), Бану Рамазанова мен Жанана Курмашева — «Мы здесь живём» толықметражды деректі фильмі (2025).
Сонымен қатар, қазақстандық және әлемдік медиакеңістікте танымал, қалыптасқан режиссёрлер Адильхан Ержанов, Эмир Байгазин, Жасулан Пошанов, Шарипа Уразбаева, Дархан Тулегенов, Диас Бертис, Берик Жаханов, Мерей Махан, Бейбіт Өнер т.б. кафедрамыздан әр жылдары шыққан түлектері.
1. Кафедра мына білім беру бағдарламалары бойынша режиссерлер мен продюсерлерді дайындайды:
Бакалавриат бойынша: B023-Режиссура
- БББ 6B02184-Режиссура/ «Кино режиссурасы», «ТВ режиссурасы».
- БББ 6В02177 Телевизиялық және кино жобаларды продюсерлеу
Магистратура бойынша:
- БББ 7M02184 Режиссура Ғылыми-педагогикалық-
- Бейіндік-7М02154 – «Кино және ТВ режиссурасы»
Докторантура бойынша:
- МБББ D028-«Режиссура»
- БББ 8D02184 «Кино және ТВ режиссурасы»
Кафедраның оқу-әдістемелік, шығармашылық базасы
Кафедраның дәрістері мен тәжірибелік сабақтары № 14, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 102 аудиториялық пәндердің талаптарына сай келетін аудио-бейне аппаратурамен, сондай-ақ фильмдер мен телебағдарламалар көшірілген бейнетаспалармен жабдықталған «Өнер» аудиториясында, кинозалда және телевизиялық зертханда өткізіледі. «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының арнайы пәндері бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар аудиторияларда өткізіледі.
– «Режиссердің түсіру кезеңінен кейінгі жұмысы», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау» пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Манабай Д. К. жүргізеді.
– «Кинопрокат және дистрибьюция», «Кинотілінің эволюциясы», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау», «Актердің камера алдындағы жұмысы Тележурналистика» «Деректі фильм режиссерлігі», «Телевизиядағы режиссерлік өнім», «Кастинг және актерлік шеберлік», «Режиссерлік теориясы» пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор С. Ж. Әзімов жүргізеді.
– «Телевизия тарихы», «Телевизия режиссерлігі I», «Тележурналистика», «Телевизия режиссерлігі II», «Мұрағатпен жұмыс жасау I», «Магистранттың эксперименттік-зерттеу жұмысы және магистрлік жобаны орындау», «Магистрлік жобаны безендіру және қорғау» пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Әбілдина Г. Б. жүргізеді.
– «Аудиовизуалды туындыларға продюсерлік жасаудың теориясы мен тәжірибесі», «Фильм өндірісі және продюсерлік», «Киноөндірісті басқару және ұйымдастыру» пәндері бойынша доцент Лаврик Н.А. дәріс береді.
– «Актердің камера алдындағы жұмысы», «Режиссердің актермен жұмысы», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау», «Режиссердің актермен және актер емес адаммен жұмысы», «Кино үдерісінің негіздері», «Режиссердің атқарушылармен және режиссерлік-қойылым тобымен жұмысы», «Кинорежиссер шеберлігі I», «Кастинг және актерлік шеберлік» пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, доцент Б.Н. Қалымбетов жүргізеді.
– «Визуалды антропологияның арнайы курсы», «Фильмнің бейнелеу шешімі» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды доцент А. М. Байгожина жүргізеді.
– «Телевизиялық өнім өндіру технологиясы», «Режиссердің қойылым тобымен жұмысы», «Телевизиядағы сандық технологиялар», «Телевизиядағы режиссерлік өнім», «Телевизиялық фильмдер және бағдарламалар режиссерлігі», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды доцент Е.Е. Ақчалов жүргізеді.
– «Режиссерлік теориясы», «Практикалық режиссерлік», «Режиссерлік бойынша арнайы курс», «Режиссердің түсіру кезеңінен кейінгі жұмысы», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау», «Актердің камера алдындағы жұмысы» пәндері бойынша доцент А.Т. Айтуаров дәрістік және тәжірибелік сабақтар өткізеді.
– «Телевизия тарихы», «Мұрағатпен жұмыс жасау I», «Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау», «Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы және докторлық диссертацияны орындау» пәндері бойынша бакалавриат пен магистратураға дәрісті PhD докторы, аға оқытушы М. К. Бакеева жүргізеді.
«Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы», «Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау», «Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау», «Қазіргі заманғы кино режиссурадағы жаңа технологиялар», «Экран және идентика: кино әлеуметтік-мәдени трансформациялар контекстінде», «Кинематограф философиясы: модерннен постмодернге дейін», «Аудио-визуалды өнердін теориясы мен әдіснамасы», «Режиссура», «Режиссура негіздері» пәндері бойынша дәрісті доцент Попов В.И. жүргізеді.
– «Аудиовизуалды туындыларға продюсерлік жасаудың теориясы мен тәжірибесі», «Режиссура», «Дистрибюцияның теориясы мен тәжірибесі», «Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы», «Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау», «Кинематография және сандық өндеу», «Қазіргі режиссурадағы құрылымдық зерттеу тәсілдері», «Әлеуметтік-мәдени кеңістіктегі медиа саланың құбылыстары» пәндері бойынша бакалавриат пен магистратураға PhD докторы, оқытушы докторы С. Е. Әбішев дәріс оқиды.
— «Кинорежиссер шеберлігі I», «Режиссердің атқарушылармен және режиссерлік-қойылым тобымен жұмысы», «Магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы», «Заманауи аудиовизуалды саладағы тұжырымдамалық негіздер мен шығармашылық тенденциялар», «Заманауи режиссурадағы көркемдік тенденциялар мен стильдерді интерпретациялаудың тұжырымдамалық тәсілдері», «Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау», «Драматургия саласының коннотациялық парадигмасы» Ш. Н. Оразбаева және PhD
– «Кино және телевизиядағы костюм стилистикасы», «Фильмнің бейнелеу шешімі», «Телевизиялық фильмнің бейнелеу шешімі», «Кинодағы костюм стилистикасы» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды аға оқытушы С.К. Ахметова жүргізеді.
– «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау», «Режиссура өнер», «Режиссура теориясы», пәндері бойынша аға оқытушы Беккожин М. К. дәріс береді.
– «Телевизия режиссерінің шеберлігі I», «Режиссердің қойылым тобымен жұмысы» пәндері бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды А. Т. Дүйсебаев өткізеді.
– «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау», «Режиссерлік бойынша арнайы курс», «Фильм өндірісі және продюсерлік», «Практикалық режиссерлік» пәндері бойынша дәріс және тәжірибелік сабақтарды өнер магистрі, аға оқытушы А. М. Ахметжанова оқытады.
– «Телевизия режиссурасының негіздері», «Кино режиссерлігі I», «Кино режиссерлігі II», «Режиссура өнер», «Монтаж теориясы», «Монтаж тәжірибесі», «Деректі фильм режиссерлігі», «Монтаждау», «Желілі емес монтаж» пәндері бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды өнер магистрі Исаев О. М. өткізеді.
– «Дистрибюцияның теориясы мен тәжірибесі», «Бейсызық монтажы», «Актердің камера алдындағы жұмысы», «Cценарий шеберлігі I», «Сценарий шеберлігі», «Кинотілінің эволюциясы», «Телевизиялық монтаж тәжірибесі», «Кино үдерісінің негіздері», «Монтаж теориясы», «Кино режиссерлігі II», «Кинодағы сценарий жазу шеберлігі» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды өнер магистрі Р. А. Әлжанов оқытады.
— «Режиссура негіздері», «Режиссура теориясы», «Монтаж негіздері», «Монтаж тәжірибесі», «Режиссердің актермен және актер емес адаммен жұмысы», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау», «Актердің камера алдындағы жұмысы», «Монтаж», «Желілі емес монтаж» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды өнер магистрі Ж. Пошанов оқытады.
— «Сценарий шеберлігі», «Cценарий жазу шеберлігі II», «Драматургия», «Дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау», «Телевизиялық жобаларға сценарий жазу шеберлігі», «Кинодағы сценарий жазу шеберлігі» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды өнер магистрі А.Ж. Айтуар оқытады.
— «Өндірістік практика», «Редакторлық жұмыс негіздері», «Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі мен стилi I», «Аудиотекст докторингі», «Мұрағат материалымен жұмыс», «Сұхбаттың теориясы мен тәжірибесі» пәндері бойынша теориялық және тәжірибелік сабақтарды өнер магистрі Х.Б. Акылбекова оқытады.
Шығармашылық, ғылыми – зерттеу және оқу–әдістемелік жұмыстарға білім алушылардың толыққанды рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамытатын педагогикалық қызмет ықпал етеді. Оның бірден бір дәлелі – халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциялар мен дөңгелек үстелдер бағдарламаларын орындау, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін жүйелі түрде арттырып отыру болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы білім алушыларды әлеуметтік өмір салтына, адамгершілік, эстетикалық тәрбиеге, ынталылыққа, білімді ұрпақ пен білікті маман дайындауда білімге ұмтылуға деген қабілетін қалыптастырады.
• Ekran2022@mail.ru
Іздеу
Хабарландырулар

07.10.2026

29.09.2026

