• 23.12.2024

Краков қаласында өткен сән апталығында көрсетілімі

Авторkaznai

Апр 14, 2022

2022 жылдың 19 наурызында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның және Краков өнер және сән дизайны мектебінің ынтымақтастық шеңберінде Польшада Краков сән апталығының көрсетілімі өтті. Аталған іс-шарада «Сән және костюм дизайны» кафедрасының доценті Бекибаева Гульнар Sapu киімді көркем жобалау мектебінің дипломдық жобаларының қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты. Қазылар алқасының мүшелері Ұлыбритания, Шри-Ланка, Франция, Швейцария, Польша және т. б. елдердің дизайнерлері, стилистері, костюм суретшілері болды. Академия студенттері: Мәлика Сүйебеуберген, Әмина Молдағалиева, Бокова Милана, Орынбекова Әйгерім, Дана Сәдуақасова, Алтынай Утарова, Керімбек Алмастың шығармашылық жұмыстары Польша, Шри Ланка, Қытай елдерінен келген қонақтар коллекцияларымен бірге көрсетілімге шықты.  

Академия педагогы –  Гүлнар Бекибаеваны, сондай-ақ біздің студенттерді Польшадағы көрсетілімге қатысумен құттықтаймыз және оларға шығармашылық жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Приемная комиссия