• 22.12.2024

Академия ректоры Азамат Сатыбалды мен ҰКҚМО Басқарма Төрағасы Есетжан Қосыбаев меморандумға қол қойды.

Авторkaznai

Мар 4, 2022

Бүгін Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Есетжан Қосыбаев келді. Кездесу аясында Академияның ректоры Азамат Сатыбалды мен ҰКҚМО Басқарма Төрағасы Есетжан Қосыбаев меморандумға қол қойды.

Білім ордасының басшысы Азамат Сатыбалды академияның қазақ кино өндірісінің дамуына серпін берер зор әлеуетіне тоқталып, осы мақсатта үлкен жобаларды бірлесіп жүзеге асыру ниетін жеткізді. 

-Алдағы уақытта мемлекет тарапынан біздің студенттеріміздің ең үздік дипломдық жұмыстарына, түсірілімдеріне қаржылай қолдау көрсетіледі. Екі тараптың пікірі ортаға тоғысып, үлкен бір қадам жасалды. Бұл біз үшін, қазақтың киносы үшін, қазақтың болашағы үшін жасалған маңызды қадам деп білемін,- деп сөзін түйіндеді. 

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы өз кезегінде кино саласын дамытудағы академияның қосар үлесінің маңызына тоқталып, өзара ықпалдастықтың сала мамандарын даярлаудағы жарқын келешегіне зор сенім білдірді.

Кездесу соңында тараптар нақты іс-қимылға көшуге уағдаласты. Екіжақты келісім негізінде бірлескен ғылыми-тәжірибелік шаралар, шығармашылық ауқымды жобалар, профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру жөніндегі саясатты әзірлеу, іске асыру қолға алынбақ. Сондай-ақ, шеберлік сыныптарын өткізу, тәжірибе алмасу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

Айта кетейік, жақында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев академия ұжымымен кездесу өткізіп, өзекті мәселелерді мемлекеттік деңгейде көтеруге уәде беріп тарқасқан еді. Меморандумға қол қойылғаннан кейін кинематография саласындағы өзара қарым-қатынастарымыздың жаңа деңгейге шығатынына сенім білдіреміз.

Приемная комиссия