26-27 желтоқсан күндері Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дизайн» кафедрасында емтихандық жұмыстар көрмесі ұйымдастырылды. Бұл шара студенттердің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін көрсету алаңына айналды.
218 студент 52 пән бойынша жобаларын ұсынды. Экспозиция графикалық, архитектуралық, ландшафттық және өнеркәсіптік дизайн бағыттарын қамтыды. Әрбір жұмыс скетчтер, макеттер, концептуалды шешімдер мен толыққанды жобалар түрінде ұсынылды.
26 желтоқсан күні 6 топтың 122 студенті 23 пән бойынша өз жұмыстарын таныстырды.
27 желтоқсан күні 8 топтың 96 студенті 29 пән бойынша жобаларын ұсынды.
Көрменің басты ерекшелігі – «2D графика» мен «3D моделдеу» сынды жаңа пәндердің қосылуы. Бұл студенттерге заманауи компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуді үйретіп, олардың кәсіби дайындығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен факультет деканы әрбір жұмысты мұқият бағалап, ерекше идеялар мен үздік жобаларды келесі жылғы көрмеге дайындау үшін іріктеп алды. Бұл көрме студенттердің шеберлігін ғана емес, олардың болашақтағы үлкен жетістіктерге дайын екенін көрсетті.