2024 жылдың 18-22 қарашасы аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында дәстүрге айналған шет тілдер апталығы өтті. Биылғы апталықтың тақырыбы «Тіл және мәдениет» деп аталып, түрлі мазмұнды іс-шаралармен ерекшеленді.
Апталықтың ашылу салтанаты шет тілдердің әлемдік мәдениеттегі рөлін айқындады. Кино және театр факультеттерінің студенттері Уильям Шекспирдің шығармашылығына арналған қойылымдарымен көрермендерді баурап алды.
19 қараша күні өткен жыл сайынғы пікірталасқа Алматының түрлі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Құрманғазы атындағы консерваторияның командасы бас жүлдені иеленсе, біздің академияның студенттері екінші орынды қанжығаларына байлады.
20 қарашада ұйымдастырылған арт-қонақ бөлмеде студенттер тіл және мәдениет тақырыбында пікір алмасты. Ал 21 қарашада өткен «All-Round English Quiz» интеллектуалды сайысы студенттердің ағылшын тіліне қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Апталықтың жабылу салтанаты концерттік бағдарлама және шығармашылық қойылымдармен аяқталды. Шет тілдер апталығы Академияның дәстүріне айналып, жыл сайын мазмұны мен маңыздылығы артып келеді.