2025 жылдың 5 ақпанынан 3 наурызға дейін 6B02101 – Дәстүрлі музыка өнері білім беру бағдарламасы бойынша талапкерлерге арналған VII Республикалық «ЖАС ЕКПІН» конкурсының алғашқы кезеңі өтті.
Биылғы байқауға 57 үміткер өтінім берген. Қатысушылардың өнерін білікті қазылар алқасы бағалады. Нәтижесінде, 36 қатысушы II кезеңге жолдама алды.
Конкурс болашақ дарынды музыканттарды анықтау және ұлттық өнерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылуда. Келесі кезеңге өткен үміткерлерге сәттілік тілейміз!