Jabý
12.02.2020

«Сахна тілі» кафедрасы

   Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Сахна тілі» кафедрасы 1982 жылы Театр және көркемсурет институтының «Театр» факультетінен ашылды. Кафедраның алғашқы меңгерушісі Білім беру ісінің үздігі, Еңбек ардагері, Ы. Алтынсарин атындағы медаль иегері,  академия профессоры Омарбаева Майра Смағұлқызы.

   Одан кейінгі жылдарда кафедрада ҚР мәдениет қайраткері, академия профессоры  Әбзелбаев Мұрат Назтайұлы және білім беру ісінің үздігі, академия профессоры Берсүгірова Шынар Азайқызы меңгерушілік етті. 

   1994 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедра меңгерушісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Білім беру ісінің үздігі, ҚҰЖҒА академигі, профессор (ЖАК) Тұранқұлова Дариға Тұранқұлқызы.

   Осы жылдарда «Сахна тілі» кафедрасының негізін қалаған алғашқы ұстаздар ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері,  профессор Р.М.Қаныбаева,  профессорлар  Д.Т. Тұранқұлова, М.С.Омарбаева, Әбзелбаев М.Н. доцент Горбашова Т.В. болса кейіннен кафедраның қанаты  кеңге жайылып көптеген  сахна саңлақтары дәріс берді. Атап айтсақ:   ҚазССР еңбек сіңірген артисі М.Жақсымбетова, Қазақстанның халық артистері Н.Мышбаев, Г.Аспетова.   Қазақстанның еңбек сіңірген артистері М.Мұраталиев, Т.Тасыбекова, А.Кенжеков, Р. Саттарова, Р.В. Лим,  Г.Қазақбаева А.Боранбаев, Е.М.Задереушка, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері С.Жақан, О.С.Кенебаев, С.Мерекеұлы, Ж.Мейрамова. Профессор Ш.Берсүгірова, Ш.Балтаева т.б.

   Қазіргі уақытта «Сахна тілі» кафедрасында 26 ұстаз еңбек етеді. Олардың қатарында  1 ҚҰЖҒА академигі, 1 ҚР халық артисі,1 Ы.Алтынсарин  медалінің  иегері, 2 мәдениет қайраткері,2 еңбек ардагері , 1 (Ph.D) Философия докторы, 6 ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  2 ҚР Білім беру ісінің үздігі, 5 профессор, 5 доцент және 1 өнертану кандидаты, 5 аға оқытушы, 11 оқытушы, 7 өнер магистрі, 1 концертмейстер, 1 фонетека бөлімінің меңгерушісі, 1 хатшы  бар.

   Ең қадірлі, ең қасиетті дүние ол – өнер, оның ішінде сөз өнерін, сөз мәдениетін дамытып жас ұрпақты тәрбиелеуде қас шеберлікпен ұстаздық етіп келе жатқан майталман ұстаздар театр және кино, радио, телевидения саласында, қазақ өнеріне еңбек сіңірген кәсіби мамандар.

«Сахна тілі» кафедрасы төмендегі мамандықтар бойынша дәріс береді:

  • «5В040700 – Актерлік өнер»,
  • «5В040800 – Эстрадалық өнер»,
  • «5В040400 – Дәстүрлі музыка өнері»,
  • «5В041000 – Сценография»,
  • «5В040600 – Режиссура», 
  • «6М040700 – Актерлік өнер» (магистратура)
  • «Сөз сөйлеу жанрының актері» мамандандыруын  дайындайды.

   «Сахна тілі» кафедрасына  қарасты  қазақ, орыс, ұйғыр, неміс  топтары ұлт  ерекшеліктеріне қарай  ана  тілдерінде  жүргізіледі.  Мамандандыруларға байланысты пәндер: «Сахна тілі», «Сөз сөйлеу жанры артисінің шеберлігі», «Сөйлеу мәдениеті мен техникасы», «Сөйлеу мәдениеті» болып бөлінеді.

2011 жылы «Сахна тілі» кафедрасы тұңғыш рет «Сөз сөйлеу жанрының артисі» мамандандырумен студенттер қабылдады, курс жетекшісі профессор Д.Т.Тұранқұлова.

   Кафедра түлектері драма және қуыршақ театрларында, радио-телевидения саласында диктор, конферансье, дубляжда, өнер мектептері мен жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу орталықтарында жұмыс істей алады.

 «Сөз сөйлеу жанрының артисі» мамандығы бойынша табысқа жеткен түлектер мен студенттер:

1.Төлепов Асылхан-кино актеры, 3 курс «Сөз сөйлеу жанры артисі» мамандығының студенті, «Серпер» сыйлығының лауреаты