• 25.04.2024

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Білім беру ұйымының атауы, оның орналасқан жері, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы, телефон және факс нөмері:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі,орналасқан мекен-жайы: Алматы қаласы, 050000, Панфилов көшесі, 127 үй, тел. 8 (727) 261-42-40, факс 8 (727) 261-15-98 email:kaznai@art-oner.kz.   

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Он (10) жұмыс күнінен тұратын және конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Еңбек міндеттерін еңбек шартына, лауазымдық нұсқаулығына, жұмыс берушінің актілеріне, хаттамаларға, жұмыс жоспарына сәйкес орындауға, жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтайды, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға.      

 Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге. Жұмыс берушінің немесе жоғары, өзге органдардан, ұйымдардан келіп түскен хаттарға немесе Министрлік басшылығы бұйрықтарын, хаттамаларын, шешімдерін өзге тапсырмаларын тиісті сапалы орындап жауап беруге. Академияның жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, тиісті саланың уәкілетті органына тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және Академияға жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асырады. Мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіруге, шарттар жасауға, сенімхаттар береді. Академияның іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және жұмыскерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге де түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді, банк шоттарын ашады, тиісті саланың уәкілетті органы тағайындайтын жұмыскерлерден басқа Академия жұмыскерлерін жұмысқа қабылайды және жұмыстан босатады. Академия жұмыскерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу және жазалау шараларын қолдануға, проректордың (проректорлардың) және Академияның өзге де басшы жұмыскерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды.

Академияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады. Академияның штаттық кестесін бекітеді, жыл сайын жоспар бойынша Министрлік алдында есеп береді, сондай-ақ оқу жылы аяқталғаннан кейін Академияның оқу, ғылыми-зерттеу және қаржылық қызметі мәселелері бойынша жұртшылықпен есеп беру кездесулерін өткізеді.  

Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шараларды қолдануға. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Келтірілген нұқсанды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1)  жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

2) білім беру ұйымдарында, сондай-ақ тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатысуға сондай-ақ мына тұлғалар жіберілмейді:

  • 1) жиырма бес жастан кіші;
  • 2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • 3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • 4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;
  • 5)Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысу үшін уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдағышта келесі құжаттар ұсынылады:

  • 1) Қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • 2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • 3) конкурсқа қатысушының Қосымшаға сәйкес нысан бойынша  3х4 өлшемді түрлі-түсті суреті бар қызметтік тізімі;
  • 4) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері, және тексеру үшін түпнұсқалары;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленген Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқу бітіргені туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың жұмыс орнындағы (қазіргі не соңғы) кадр қызметі куәландырған көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін берілгеніне алты ай толмаған № 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіптік қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) бере алады.

Әңгімелесу өткізілетін күні, орны және уақыты

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14 кіреберіс, «Zoom» бейнеконференц байланысы арқылы жүргізіледі.

Әңгімелесу өтетін күні, орны және уақыты қосымша хабарланатын болады.

Конкурстық комиссияның отырысына мына байқаушылар қатысады:

  1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Астана Балет» Театры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары Кузембаев Валерий Алибекович
  2. Бұл ретте, байқаушылар конкурстық комиссия отырысында дауыс беруге құқығы жоқ.  

Конкурсқа қатысу үшін өтініш және қызметтік тізім нысандары хабарландыруда қоса жарияланды.

Құжаттар қабылданатын мерзімде қолма-қол немесе пошта не электрондық түрде мына мекенжай бойынша құжаттар қабылданады:

          Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14 кіреберіс  (каб.335), телефоны: 8 (7172) 74-04-59,                                          email:l.kulzhabaeva@mki.gov.kz.

          Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады:

          Сағат: 09-00-13-00, 14-30-18-30.

Құжаттар уәкілетті органның электрондық поштасының мекенжайына электрондық түрде жіберілген кезде олардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылады.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлғаны конкурстық комиссия әңгімелесуден өтуге жібермейді.

Өтініш үлгісі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия