• 20.05.2024

2023 жылдың 24 қазанында Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының оқытушысы Н.А. Алматова «Музыкалық театр әртісі» мамандығының 1 курс студенттерімен (Е. Нұртазин шеберханасы), «Драмалық театр және кино әртісі» (Д. Ақмолда шеберханасы) мамандығының, сонымен қатар «Сәулеттік дизайн» мамандығының 2 курс студенттерімен бірлесе отырып, Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жанындағы «Жан-Сая» КММ дағдарыс орталығының қызмет алушыларын Республика күнімен құттықтады.

Аталған дағдарыс орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмектесу үшін құрылған. Студенттер орталықтың ересек емделушілеріне «Гүлде, Қазақстаным!» атты концерттік бағдарлама қойса, балаларға арнап бет бояуы бойынша шеберлік сабақ ұйымдастырды. Студенттер Қазақстан туралы және туған жерге деген сүйіспеншілік жайлы әндер шырқады. Концерттік бағдарламаны әкімдік, обсервациялық орталық және елшілік өкілдері, мектеп директорлары мен орталық қызметкерлері көріп тамашалады.

«Жан-Сая» ҚМУ дағдарыс орталығының басшылығы академия әкімшілігіне, Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасына үлкен алғысын білдіріп, оқытушылар мен студенттерге алғыс хаттарын табыс етті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия