• 29.11.2021

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры м.а. Шәріпбек Әмірбековтың есеп беру кездесуі өтті.

Авторkaznai

Қыр 22, 2021

22 қыркүйекте, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры м.а. Шәріпбек Әмірбековтың есеп беру кездесуі өтті. Іс – шара ZOOM платформасында онлайн форматта өткізіліп, YouTube каналы мен Facebook ресми парақшасында көрсетілді.

Шәріпбек Ағабайұлы өзінің баяндамасында 2020-2021 оқу жылының қорытындысын жасап, академияның білім беру, шығармашылық, әлеуметтік, тәрбиелік қызметіне жан-жақты талдау жасады. Сондай-ақ, студенттер мен оқытушы-профессорлық құрамның жетістіктері, жұмыспен қамтылу жағдайы, халықаралық байланыс жайлы сөз қозғады. Академияның болашаққа арналған стратегиялық мақсаттары мен бағыттарына тоқталып, жаңа оқу жылында күтілетін нәтижелер атап өтілді.

Есептің соңы дәстүрлі сұрақ – жауап айдарымен жалғасып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сөз соңында Шәріпбек Ағабайұлы табанды еңбегі үшін академия қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Есеп беру кездесуінің толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.