• 22.11.2024

2022 жылдың 14 сәуірінде Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Рухани көсем, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы және қоғамдық-саяси қызметі» атты жас ғалымдар мен студенттердің ІІІ Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияны өткізудегі мақсат – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, ғалым-лингвист А.Байтұрсынұлының өмірі мен қызметін үлгі ете отырып, қазақстандық жастардың ұлттық сана-сезімі мен патриотизмін, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Азамат Сатыбалды конференцияға қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Ол Ахмет Байтұсынұлының қазақ мемлекеттілігін, қазақ халқының ұлттық-азаматтық болмысын қалыптастырудағы ерекше ролін, қазақ тіл білімі мен түркітану ғылымдарының дамуына, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесін атап өтті.

Конференцияға 24 жоғары оқу орнының Алматы, Нұр-Сұлтан, Семей, Тараз, Көкшетау, Талдықорған, Орал, Қостанай, Өскемен, Шымкент және т.б. қалаларының бакалавр студенттері, магистранттары, докторанттары, жас оқытушылары қатысты.

Пленарлық мәжілісте А.Байтұрсынұлы қызметінің қыр-сырын зерделеуге қатысты баяндамалар тыңдалды: саяси қызмет, тіл білімі, өнер және т.б. Конференция жұмысы үш секцияда жалғасты:

  • 1. А. Байтұрсынов: қоғам қайраткері, ғалым-лингвист, ағартушы-педагог.
  • 2. Дәстүр мен инновация: заманауи ғылымдар жүйесіндегі қоғамдық-гуманитарлық пәндер.
  • 3. Жаһандану жағдайындағы қазақстандық өнердің өзекті мәселелері.

Конференция жұмысына 109 жас ғалым қатысты.

Келесі баяндамалар үздік деп танылды:

1 орын — Алмасұлы Әділет (Т.Қ.Жүргенов ат. ҚазҰӨА);

2 орын — Саярат Расмила (Абай ат. ҚазҰПУ), Қабылбек Кәусәр (Т.Қ.Жүргенов ат. ҚазҰӨА);

3 орын — Кокпанбаева Куралай (ХАТУ), Темирбаева Сабина (Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы), Нұрғалиева А.А. (М. Өтемісов ат. Батыс Қазақстан университеті).

Үздік баяндамалар дипломдармен марапатталды. Конференцияға қатысушылар сертификаттарға ие болды.

Сборник материалов конференции Байтурсынов 150

Конференцияға қатысушылар конференция бағдарламасының мазмұнды да жемісті, ұсынылған тақырыптардың өзекті болғанын, студенттерді ғылыми жұмыстарға баулудағы талқылаудың тамаша ұйымдастырылғандығы мен пайдалылығын, бай мұраны зерделеудің, А.Байтұрсынов сияқты тұлғалардың еңбектерін студенттер арасында насихаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Ғылыми мақала жас ғалымдар мен студенттердің ІІІ Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы материалдары PDF форматындағы ISBN берілген жинағында жарияланатын болады.

Приемная комиссия