• 22.11.2024

«Жобалық құжаттама: теория және практика»

Авторkaznai

Май 20, 2022

2022 жылдың мамыр айының 20 күні «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мадина Зұлпыхарқызы Мұсаханова Алматы қаласында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұйымдастырған «Жобалық құжаттама: теория және практика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Конференциясының мақсаты – ғылыми-техникалық құжаттаманың басты бір түрі болып табылатын, жобалық құжаттаманы құрастыруға, оның сақталуын қамтамасыз етуге және оны тәжірибелік қызметте, сондай-ақ, тарихи-ғылыми,  танымдық мақсаттарда пайдалануға қатысты мәселелердің кең спектрін талқылау.

Профессор Мұсаханов М.З. «Қағаз калькасын қалпына келтіру ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.

Приемная комиссия