Құрметті өнер сүйер қауым!

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұралар жөніндегі ұлттық комитет сарапшыларының қатысуымен ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне қазақтың халық биі «Ортекені» енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Өздеріңізге мәлім, қазақтың халық биі «Ортекенің» қуыршақ теке, бишілер тобы, жеке биші орындайтын 3 түрі бар. Бейнероликте қуыршақ-теке нұсқасы ұсынылған.

Орындаушы:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этноансамблі (көркемдік жетекшісі, «Мәдениет қайраткері», Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Ш. Қорғанбек) жеке орындаушы – Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ОКЗ директорының орынбасары, «Мәдениет қайраткері» Серік Нұрмолда.

https://www.youtube.com/watch?v=7LX66Z7zbBE