• 25.11.2024

Семинар «Халықаралық базалар мен ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмысы»

Авторkaznai

Сен 28, 2022

Семинар «Халықаралық базалар мен ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмысы» (Scopus, Web of Science CC, ResearchGate және т. б.)

«Халықаралық базалар мен ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмысы» (Scopus, Science Direct, Web of Science CC, ResearchGate, Google Scholar, ORCID, h-index, және т. б.) cеминары

2022 жылдың 28 қыркүйегінде Академия кинозалында Scopus (Elsevier) және Web of Science CC (Clarivate Analitics) халықаралық дерекқорларымен, олардың Elsevier journal finder, Mendeley және т. б. қосымшаларымен, сондай-ақ, ResearchGate, Google Scholar, ORCID және т. б. ғылыми әлеуметтік желілермен танысу бойынша семинар өтті.

Семинарға Академияның оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты.

Семинарды Ғылыми-редакциялық бөлімнің басшысы Рамаданова Жанна Дидарбековна жүргізді.

Семинарда келесі мәселелер түсіндірілді:

  • 1. Scopus және Web of Science базаларында тіркелу;
  • 2. Базаларда журналдар мен авторларды іздеу;
  • 3. Журнал квартилін анықтау;
  • 4. Журналдың импакт-факторын анықтау;
  • 5. Автордың h-index анықтау,

сондай-ақ ResearchGate, Google Scholar, ORCID және т. б. ғылыми әлеуметтік желілерде тіркелу және мақалаларды орналастыру мәселелері.

Семинардың видеосы келесі сілтеме бойынша қолжетімді:

Семинарды ұйымдастырушы: Ғылыми-редакциялық бөлім.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия