Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) үздік монография (жеке автор);
2) үздік оқулық (жеке автор);
3) үздік оқу құралы (жеке автор);
4) Web of Science, Scopus импакт-факторы бар үздік мақала (бірлескен авторлықта)
Конкурстық комиссия арнайы (қосымша) номинациялар белгілеу құқығын өзіне қалдырады.
Конкурсқа академияның штаттық ПОҚ-ы болып табылатын авторлар қатыса алады.
Конкурсқа ұсынылатын әрбір басылым үшін құжаттары бар жеке папка қалыптастырылады:
Монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары үшін:
1) Өтініш беруші (өтініш берушілер тобы) Академия ректорының атына жазбаша өтініш береді (1-қосымша), онда конкурсқа қатысу туралы баяндайды, жеке қолын (жеке қолдарын) қояды, өтініш берген күнін көрсетеді;
2) Жарияланған оқу басылымы — 1 дана;
3) Ізденушіні кафедра отырысыда ұсынған көшірмесінен үзінді береді. Ол жерде көрсетілуі керек:
- оқу басылымының мазмұнының пән бағдарламасына сәйкестігі, сұрақтардың толық қамтылуы;
- пәнаралық байланыстарды қамтамасыз ету;
- әдістемелік материалды ұсынудың өзіндік ерекшелігі мен қолжетімділігі;
- студенттердің өзін-өзі бақылау, өзіндік жұмысын қамтамасыз ету, пән бойынша одан әрі тереңдетілген жұмыс үшін материалдардың болуы;
- ұсынылған материалдарды оқу процесінде пайдалану (оның ішінде білім беру процесіне ҒЗЖ енгізу актісі);
- ҚР ҒжЖБМ немесе РОӘК (РУМС), ОӘК (УМС) грифтерін беру туралы қорытындының көшірмесі немесе Академияның Ғылыми кеңесі отырысынан үзінді көшірмесі.
Web of Science, Scopus импакт-факторы бар мақалалар үшін:
1. Өтiнiм берушi (өтiнiм берушiлер тобы) сараптама комиссиясының конкурсына қатысуға жазбаша өтiнiш бередi (1-қосымша), онда ол конкурсқа қатысуға өтiнiшiн баяндайды, өзiнiң жеке қолын (қолдарын) қояды, өтінімді беру күнiн және келесі ақпарат тізімін көрсетіп, құжаттарды өткізеді:
2. Түпнұсқа тілдегі жеке немесе бірлескен авторлық (мақала авторлары үшін) жарияланымға (авторлар), жұмыстың атауы, журнал атауы, том, басылым, бет нөмірлері көрсетілген толық ақпарат және оған веб-сілтеме;
3. Журналдың нөлдік емес импакт-факторын растайтын «ҰМҒТСО» (НЦНГТЭ)АҚ сертификаты;
4. Журнал мұқабасының түрлі-түсті көшірмесі және басылған мақала.
Конкурсқа жарияланымның келесі түрлері ұсынылуы мүмкін:
- Оқулық: кем дегенде 4 б. т.
- Оқу құралы: кем дегенде 4 б. т.
- Монография: кем дегенде 6 б. т.