2022 жылдың 7 желтоқсанында Қабыл ХАЛЫҚОВ заманауи сценография дискурсына арналған ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН өткізді.
2022 жылдың 7 желтоқсанында сағат 14.30 Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері мен оқытушыларына арналған «Сценография бүгінгі күн: бейнеден идеяның жүзеге асуына дейін» тақырыбында сценография профессоры Халықов Қабыл Заманбекұлының шеберлік сағаты өтті. Көрермендерге Қазақстан театрларының бас суретшілері мен Атыраудан келген қонақтар да қатысты. Семинар барысында сахналық қойылымдар мысалында сценография тарихы мен театр жанрларының дамуына тоқталды. Шебер бүгінде театрлық-сәндік өнермен сахананы көркемдеу дәстүрлері жоғалып кеткенін, бірақ қазіргі сценографияның заманауи аудио-бейне формаларының технологияларын дамытуда жан-жақты сипат алғанын атап өтті. Қазақ театрында постдрамалық театрдың жаңа жанрлары күннен күнге сұранысқа ие. Суретшілер Ральф Колтай, Роберт Вильсон, Майкл Левин және басқалардың сәтті сценографиялық қойылымдары көрсетіліп, талданды. Сценограф қазіргі заман өнерінде «сезімдік құрылым» категорияларымен қатар, болашағы зор мәдени контексттің рухани құрамдас бөліктері де бар екенін атап өтті.