«Тарихтағы ұлттық егемендік және тұлға: Темірбек Жүргенов»
тақырыбына Ғылым апталығының ашылуы
10–14 cәуір 2023 жыл
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жыл сайынғы ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ – бұл әр кез ғылым жолын қуған жас ғалымдарға өзін танытуға, өз еңбектерін қалыптасқан ғалымдар мен ұстаздарға ұсынуға мүмкіндік. Бұл барлық факультеттерді қамтитын академияшілік ғана ғылыми қарым-қатынас емес, біз өз іс-шараларымызға республикадан және шетелден әріптестерді тартамыз. Осылайша, үнемі жетістік-жаңалықтармен тәжірибе алмасу іске асырылады.
Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына байланысты ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ биыл: «Тарихтағы ұлттық егемендік және тұлға: Темірбек Жүргенов» тақырыбына арналды. ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫН академияның ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Халыков Қабыл Заманбекұлы өз баяндамасымен ашты.
11 сәуірде Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Креативтік индустрия дәуіріндегі дизайн» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді; 12 сәуірде Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар кафедрасы «Т. Жүргеновтің Қазақстан мен Орталық Азияның білімі, ғылым және мәдениетінің даму рөлі» атты Халықаралық ғылыми-практикалықконференция өткізеді; 13 сәуірде ТМД елдерінің шығармашылық университеттерінің 2-курс магистранттары арасында «Жаңа өнер дәуіріндегі өнертанудағы пәнаралық зерттеулер» тақырыбында үшінші рет Халықаралық үздік постерлік баяндамалар байқауы өтпек; 14 сәуірде Әмен Хайдаровтың 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді; Академияның Жас ғалымдар кеңесінің іс-шаралары, сондай-ақ, көрнекті мемлекет және қоғам және саяси қайраткер Темірбек Жүргеновке және Қазақстан Республикасындағы көркемдік білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Сондай-ақ, ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ашылу салтанатында жоғарыда атап өткен шараларды ұйымдастырушылар: Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Алимжанова Алия Шарабековна; «Кино және ТВ» факультетінің деканы, өнертану кандидаты, доцент, Мурсалимова Гульнара Амангельдиновна қатысып ұйымдастырылвп жатқан шаралар жайлы ақпарат берд. Сондай-ақ, ғылым апталығының ашылуына шараның құрметті қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор Тұранқұлова Дариха Тұранқұлқызы қатысып, оз тілек-лебізін білдірді.
ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ аясында ғалымдар арасында тәжірибе, жетістіктер мен жаңалықтар алмасу, ынтымақтастықты дамыту, ғылым мен өнерді ұштастыру үшін достық орта құру, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар ғылымдағы көркемдік бағыттағы заманауи зерттеулер және соңғы жаңалықтармен хабардар етіледі.