• 25.11.2024

Профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Апр 19, 2023

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауыКафедра меңгерушісіПрофессорДоцентАға оқытушыОқытушы
Актер шеберлігі және режиссура13 (2- актер. шебер., 1-драмат.қақтығ.жүйесі)2 (актер. шебер.)4 (актер. шебер.)
Сахна тілі11
Жеке ән салу112
Сахна пластикасы және дене тәрбиесі1 (спектак.пластика)1 (тарих-тұрмыс.би)
Сценография11 (МҒЗЖ)1 (грим)1 (постиж)
Музыкалық театр11 (фортепиано)1 (музык.театр режис.)2 (актер. шебер.)
Дәстүрлі музыкалық өнер3 (мамандық – сыбызғы, 1-домбрамен ән айту, 1-қазақ музык.тарихы)1 (мамандық – қылқобыз)
Эстрадалық оркестр аспаптары11 (фортепиано)1 (саксофон)
Эстрадалық вокал2 (эстрад. вокал)1 (эстрад. вокал)
Экрандық өнер режиссурасы11 (ТВ режиссурасы)1 (аудио-визуал.өнер теориясы)6 (2-режиссура, 2-анимация режиссурасы, 2-монтаж)
Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер1 (әлем киносының тарихы)2 (1-аудио продакшн, 1-кинооператор.шеберлігі)
Театр өнерінің тарихы мен теориясы12 (1-Еуропа театр.тарихы, 1-заманауи театр сыны)2 (1-ТМД театр.тарихы, 1- театр.костюм.тарихы)1 (театр менеджменті)
Кино тарихы мен теориясы1 (қазақ анимация тарихы)2 (1-кинотеледраматургия, 1-әдебиеттану, 1- қазақ киносының тарихы)3 (1-әлем анимация тарихы, 1-фильтану, 1- кинотеледраматургия)
Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы1
Көркемсурет1 (МҒЗЖ)1 (монументалды кескіндеме)3 (1- МҒЗЖ, 1-кәсіби қазақ тілі, 1- графика)1 (мүсін)
Дизайн1 (ландшафт. дизайн)2 (1-жобалау графика, 1-композиц.моделдеу)
Сәндік өнер2 (1-зергер.іс, 1-ағашты көркемдеп өңдеу)
Хореография педагогикасы11 (ғылыми зерттеу негіздері )
Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар4 (1-қазақ тілі, 3-орыс тілі)2 (1-қазақ тілі, 1- орыс тілі)
Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы2 (ағылшын тілі)1 (ағылшын тілі)
Компьютерлік технологиялар14 (1-гейм дизайн, 1- web-қосымша.жасау, 1-бағдарлам.кіріспе, 1- математика)
Арт-менеджмент және продюсерлеу11 (менеджмент)1 (кәсіпкерлік негіздері)1 (креативті кәсіпкерлік:құралдар)

Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МСМ «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ Ғылыми кеңесінің 2023 жылғы 30 наурыздағы (№10-хаттама) шешімімен бекітілген   ҚР МСМ «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге (әрі қарай – Ереже) сәйкес жүргізіледі.

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Кафедра меңгерушісінде  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша  біліктілікті арттыру  курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында  кемінде 5 жыл,  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  3. Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе  қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында  кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  4. Аға оқытушыда  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде оқытушы лауазымында  кемінде 3 жыл немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс  өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  5. Оқытушыда  кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс  өтілі кемінде 3 жыл  болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

Конкурсқа қатысушының білімі, ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі кафедраның бағдарына сәйкес келуі міндетті.

Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар Академия ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

  1. конкурсқа қатысушы өзі толтырған, тұрғылықты мекенжайын, байланыс телефондарын (үй, жұмыс, ұялы телефондары) және электронды мекенжайын көрсеткен кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (фотосуретімен).

Жеке парақтағы еңбек қызметі жайындағы ақпарат конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатқа сәйкес толтырылады. Конкурсқа қатысушының жеке парағында көрсетілген еңбек қызметі конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатпен сәйкес келмейтін болса, онда құжатта келтірілген ақпараттар ескерілетін болады;

  • өмірбаян;
  • жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • конкурсқа қатысушының соңғы жасаған жұмыс орнының уәкілетті тұлғасының қолымен және ұйымның мөрімен расталған, Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 — қосымшаға (бұдан әрі мәтін бойынша — №2 — қосымша) сәйкес толтырылған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі;
  • мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша;
  • тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • еңбек кітапшасы;
  1. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  2. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  3. оқу-әдістемелік құжаттама (хабарландыруда көрсетілген пәндерге сәйкес силлабус).

Академияда жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. кафедра меңгерушісі қол қойған мінездеме;
  2. Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 қосымшаға сәйкес жасалған, кафедра меңгерушісінің қолымен расталған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстардың тізімі (бұдан әрі мәтін бойынша – № 2 қосымша);
  3. кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер кандидаттар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
  4. құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама алуға келісім беру;
  5. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  6. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  7. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті;
  8. барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік құжаттама (оқытушының ағымдағы және алдағы оқу жылына арналған жеке жоспары бойынша сағаттарды орналастыруға сәйкес ПОӘК және силлабус).

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамада  ұсынылғанда немесе өтініштерді беру мерзімін бұзу жағдайларында тұлғасының құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

           Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет  (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2023 жылдың 19 мамырына дейін өткізілуі керек.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия