«Ғылым және білім: даму трендтері мен перспективалары» атты ғылыми-практикалық семинар
Ғылым декадасы аясында Қазақстанның жетекші ғалымдарының қатысуымен өтетін іс-шаралар жалғасуда. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 15, 17 сәуір аралығында «Ғылым және білім: даму трендтері мен перспективалары» атты ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинарға Қазақстанның жетекші ғалымдары қатысты, олар өз материалдарын ғылым, білім және даму перспективалары мәселелері бойынша баяндамалар мен презентациялар түрінде ұсынды.
Дәріскерлер тақырыптар бойынша баяндамалар мен презентациялар жасады:
- «Не туралы жазу керек және қалай жазу керек?»,
- «Түркология және Алтайтану ғылыми-зерттеу институты: Зерттеу бағыттары, тұлғалар, еңбектері»,
- «Оның есімі біздің жүрегімізде және жұмысымызда – Қазақстанның Халық Комиссары Темірбек Жүргенов»,
- «ЖОО-дағы жобалық қызмет: Идеядан нақты іске дейін» атты баяндама жасады,
- «Ғылыми баяндаманың риторикасы: Ерекшеліктері мен тәсілдері»,
- «Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігі: Балалар кітабы және функционалдық сауаттылық» және басқалар
Семинар пікірталас және әріптестерімен тәжірибе алмасу аясында өтті
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының атынан «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры — тарих ғылымдарының кандидаты, МАИН академигі профессор Шамерденова Меңдіғаным Джамалбекқызы тақырыптармен сөз сөйледі:
- «Оның есімі біздің жүрегімізде және жұмысымызда – Қазақстанның Халық Комиссары Темірбек Жүргенов»,
- «ЖОО-дағы жобалық қызмет: Идеядан нақты іске дейін» атты баяндама жасады.
Қызылорда жаңалықтары. 18.04.2023.
Қызылордада Қазақстан ғалымдары өз тәжірибелерімен бөлісуде. https://kzvesti.kz/glavnye-novosti/v-kyzylorde-uchenye-kazahstana-deljatsja-opytom-89327/