• 22.11.2024

2023 жылдың 1 қарашасында  Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы Тілдер апталығы аясында «Қазақ мәдениетінің жаңғыруы» атты тақырыпта StartUP бизнес-жобалар алаңы байқауын өткізді. Байқау мақсаты – әлем мойындаған, тарихи тамыры мықты, жасампаз ұлтқа айналу барысында жаңа идеяларды, ізденістер мен жаңаша мақсат-мүдделерді тоғыстыра отырып, қазақ мәдениетін жаңғырту.

Бизнес-жобаға қатысушы Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің 1-курс студенттері шығармашылық және кәсіпкерлік қызығушылықтарын қалыптастыруға арналған 7 қызықты, креативті жобаны ұсынды: «Мафия по казахски», «Мұра», «Казахская мифология», «Кочевая культура казахов в соременном урбанистическом пространстве Алматы», «Жауқазын шеберлері», «Алтын ғасыр қолөнершілері». Олар ұсынып отырған жобаларын жан-жақты қарастырып, өз идеяларын көрерменге жеткізе білді.

Байқау қорытындысы бойынша 1-орын – «Мафия по казахски» (графикалық дизайн, ландшафтық дизайн); 2-орын екі жобаға берілді – «Мұра» (графикалық дизайн, сәулет дизайны, зергерлік іс), «Казахская мифология» (графикалық дизайн, сәулет дизайны, зергерлік іс); 3-орын – «Кочевая культура казахов в соременном урбанистическом пространстве Алматы» (сәулет дизайны) дипломдары берілді. Қалған командалар алғыс хатпен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия