Бүгін, яғни 2 қараша күні, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің бірінші және екінші курс студенттерімен «Шығыс жұлдыздары: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбындағы Тілдер апталығы аясында Абай қарасөздерінің алғаш жариялануына 105 жыл толуына арналған «ҒАСЫР БЕЛЕСІНДЕГІ ТАҒЫЛЫМДЫ ҚАРАСӨЗ» атты креаторлар сайысы өткізді.
Шараны ұйымдастырушы — Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедасының доценті, PhD Амангелдиева Гүлмира Амангелдіқызы
Байқау нәтижесінде студенттер дипломдармен марапатталды:
1 орын – «Мықтылар» (1 курс, «Фэшн дизайны» мамандығы);
2 орын – «Жетінші» тобы (2 курс, «Монументалды кескіндеме», «Кітап графикасы» мамандықтары);
3 орын – «Ізгілік» тобы (1 курс, «Кітап графикасы» мамандығы).