• 25.11.2024

«Болашақ театр қызметкерлерін (өнер қайраткерлерін) дайындаудағы мультимодальды күйзелісті басқарудың маңызы»

Авторkaznai

Ноя 7, 2023

2023 жылдың 07 қарашасында сағат 16:00-де, Кино-залда
Темірбек Жүргенов атындаағы Қазақ ұлттық өнер академиясында
PhD, доцент, психотерапевт Алена Ильинична Гарбердің (Германия)  
«Болашақ театр қызметкерлерін (өнер қайраткерлерін) дайындаудағы мультимодальды күйзелісті басқарудың маңызы» тақырыбында
Академия докторанттары, магистранттары мен ПОҚ-на шеберлік-сыныбын өткізді.

Кинозалда музыка, сценография, театр және кино факультеттерінің студенттері, магистранттар, докторанттар мен академияның профессорлық-оқытушылар құрамы Гермениядан келген маманның шеберлік сыныбын қызығушылықпен тыңдады. Шеберлік сабағын бастамас бұрын, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Халықов Қ.З. PhD докторы, қауымдастырылған профессор Алена Гарберге ғалымдар мен шығармашылық мамандарды дайындауға қосқан үлесі үшін Академияның Құрметті профессоры дипломын тапсырды (Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰАИ Ғылыми кеңесінің шешімімен, № 3 хатта 2023 жылғы 26 қараша).
Шеберлік сыныбы барысында профессор А.Гарбер Рейнхардшёе оңалту клиникасының психотерапевті (Германия), Қазіргі ғылымдар университетінің (Нидерланды) доценті ретінде «Театр мамандары жұмысындағы стресс» тақырыбында шеберлік-класс – дәріс өткізді. «Мультимодальді күйзелісті басқару түрлері және оларды университетте болашақ театр қызметкерлерін (өнер қайраткерлерін) дайындауда қолдану қажеттілігі»; «Болашақ театр қайраткерлерінің (өнер қайраткерлерінің) мазасыздық күйлері және оларды мультимодальды стрессті басқарудың заманауи стратегиялары негізінде жеңу»; «Болашақ театр қайраткерінің (өнер қайраткерінің) психикалық денсаулығын сақтау заманауи университеттің міндеті» тақырыптарында дәріс оқылып, сұрақтарға жауап берілді.
2019 жылы ол Лейбниц университетінің бір топ ғалымдарымен бірге Жүргенов атындағы өнер академиясында профессор С.К. Бердібаева конференциясын, шеберлік сыныптарын өткізген болатын. Сонымен қатар, профессор Гарбер А.И., Решке К.Х. Академияның «Central Asian Journal of Art Studies» ғылыми басылымында бірқатар мақалаларын жарияланды. А.И. Гарбер жетекшілігімен Қазақстанда докторлық диссертациялар қорғалды. Қазіргі уақытта да профессор Қазақстандағы докторанттарға консультативтік жетекшілік етуді жалғастыруда.
Шеберлік сабағының соңында профессор А.Гарбер авторлар тобы жазған А.И. Гарбер, Л.Ш. Карапетян, К.-Х. Решке. «Стрессті оптимизммен басқарыңыз!», «Стресспен күресіңіз, жеңуге ұмтылыңыз» оқу-тренингтік құралдарын Академия кітапханасына сыйға тартты. Академияның театр, музыка факультетінің студенттері өз өнерлерін көрсетіп, қонаққа өз сыйлықтарын тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия