«Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы
Көрнекті жазушы, прозаик, сценарист Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 95 жылдығына арналған («Дәуір және тұлға» ғылыми жобасы аясында)
«ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ – ЕУРАЗИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК — МӘДЕНИ КЕҢІСТІКТЕ» ғылыми семинары
2023 жылдың 19 желтоқсанында Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Дәуір және тұлға» ғылыми жоба аясында көрнекті жазушы, прозаик, сценарист Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 95 жылдығына арналған «ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ – ЕУРАЗИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ КЕҢІСТІКТЕ» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Ұйымдастырушылар: Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА;Түркітану және Алтайтану ғылыми-зерттеу институты;Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мақсаты, идеясы: Ғылыми семинардың мақсаты сан қырлы және Ш.Айтматовтың шығармашылық мұрасының қазіргі қоғам мен әдеби зерттеулер үшін өзектілігі мен маңыздылығына байланысты: • Ш.Айтматовтың өмір жолы мен өмірбаянын қарастыру, • Ш. Айтматов шығармаларының өзектілігін бағалау; • Ш. Айтматов идеяларындағы универсалды элементтердің көрініс табуы; •Ш. Айтматов шығармашылығына оның этникалық және мәдени қатысымдық ерекшелігінің әсерін талдау; • Ш.Айтматовтың шығармасынан тәрбиелік мақсатта қандай тағылым мен құндылықтар алуға болатынын түсіну. Ғылыми семинардың қонақтары: «ҚазҰУ және «Флагман» – The Language Flagship Overseas Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық кеңес арасындағы Келісім» бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА арасындағы 2023 жылдың 18 сәуірінде қол қойылған № 08-23/027 Меморандум негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері: Эбби Фитч, Михаэла Стромберг қатысты. Алғы сөз және баяндама: Шаймерденова Мендыганым Джамалбековна – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚХА мүшесі, ҚХА ҰЭТ мүшесі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры. Тақырыбы: «Шыңғыс Айтматовтың әдеби мұрасы: тарихи-мәдени контекст». Шақырылған спикер: Шаймерденова Нурсулу Жамалбековна – Филология ғылымдарының докторы, Түркітану және Алтайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры (Казахстан Республикасы, Алматы қ.). Тақырыбы: «Ш. Айтматов шығармашылығы: ұлттық образдардан жаһандану үдерістеріне дейін». Қорытынды сөз: Канлыбаева Жанат Серікбайқызы — ф.ғ.к., доцент, Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі. Музыка факультетінің 1 курс студент: Дамир Үйсімбаев |