2023 жылы 15 ақпанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Өнер саласындағы пәнаралық зерттеулер: теория және практика» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинар жұмысына Алматы және Астана қалаларының жоғары оқу орындарының ғылым және өнер саласындағы жетекші мамандары қатысты:
- Халыков К.З. — Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры;
- Жумасеитова Г.Т. — Қазақ ұлттық хореография академиясының өнертану кандидаты, өнертану профессоры;
- Толысбаева Ж.Ж. — Қазақ ұлттық хореография академиясының филология ғылымдарының докторы;
- Каржаубаева С.К. – өнертану ғылымдарының докторы, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры;
- Кульшанова А.А. — Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.
Мәдениет және өнер саласындағы докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылады, тәжірибе алмасты және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар айтты.
Докторанттар:
- Альжанов Р.А. — Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА;
- Байкуатова А.К. — Қазақ ұлттық өнер университеті;
- Мухамбетжанов Ш.М. — Қазақ ұлттық хореография академиясы;
- Гумаров А.Г. — Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА.
Семинар жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар шешім қабылдап, келесі ұсыныстар айтылды:
- Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша докторанттардың баяндамалары назарға алынсын, ҒЗЖ ғылым мен мәдениет саласындағы маңызды құрамдас бөлік болып саналсын;
- Нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық журналдардағы докторанттар жарияланымдарының мазмұнды контентіне әсер ететін жобалық және жарияланымдық қызметте жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының жұмысы жандандырылсын;
- Зияткерлік өрісті кеңейту үшін Алматы және Астана қалаларының жоғары оқу орындары өкілдерінің кенестері назарға алынсын;
- Тұжырымдамалық әдіснамалық принциптер анықталсын.
Конференцияға қатысушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын күшейту шеңберінде ғылыми және шығармашылық қызметті жандандыру қажеттігі туралы бірауыздан қорытындыға келді.