• 03.12.2024

Профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Апр 24, 2024

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі профессор-оқытушы құрамының бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

Кафедра атауыКафедра меңгерушісіПрофессорДоцентАға оқытушыОқытушы
Актер шеберлігі және режиссура1 (актер шеберлігі негіздері — қазақ тілінде)1 (драма театры актерінің өнері- қазақ тілінде)1 (режиссура — қазақ тілінде)
Сахна тілі1 (сахна тілі негіздері – қазақ тілінде)1 (сахна тілі техникасы – қазақ тілінде)
Жеке ән салу4 (академ. вокал: 2 — қазақ тілінде,            2 — қазақ, орыс тілдерінде)
Сахна пластикасы және дене тәрбиесі1 (халықтық-сахналық би негіздері -қазақ, орыс тілдерінде)1 (дене шынықтыру — қазақ, орыс тілдерінде)3 (1-қазақ би негіздері,     1-кроссфит, 1-халықтық-сахналық би негіздері) қазақ, орыс тілдерінде
Сценография1 (сценография композициясы)1 (Әрлеу)
Музыкалық театр1 (фортепиано — қазақ, орыс тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар)1 (актер шеберлігі — қазақ, орыс тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар)1 (актер шеберлігі — қазақ тілінде)
Дәстүрлі музыкалық өнер2 (1- домбыра; 1-домбырамен ән айту) қазақ тілінде1 (домбыра – қазақ тілінде)1 (жетіген – қазақ тілінде)
Эстрадалық оркестр аспаптары1 (джаз гармониясы/джаз сольфеджио) ғылыми дәрежесі бар3 (1-саксофон, 1-фортепиано, 1-электрогитара)
Эстрадалық вокал12 (1-эстрадалық вокал,           1- вокалдық ансамбль)4 (1-НИРМ, ғылыми дәрежесі бар, 2- эстрадалық вокал, 1-қазақ музык. тарихы)
Экрандық өнер режиссурасы12 (1-кинорежиссерлік негіздері, 1-кино режиссура)1 (режиссердің демеушілермен жұмысы)
Дыбыс режиссурасы және операторлық өнер5 (1-әлем музык. тарихы, 1-қазақ киносының тарихы, 1-студия мен залдардың акустикасы, 1-дыбысты комп. өңдеу, 1-телеоператордың  шеберлігі)
Театр өнерінің тарихы мен теориясы11 (қазақ театрының тарихы – қазақ тілінде)
Кино тарихы мен теориясы2 (1-кино сыны, 1-кинорежиссура) ғылыми дәрежесі бар3 (1-әлем киносының тарихы, 1-кино сыны, 1-кинодраматургия) – қазақ тілінде
Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы11 (әлемдік мәдениеттегі стильдер мен парадигмалар — орыс тілінде, ғылыми дәрежесі бар)3 (1- орта ғасырлар Батыс Еуропа өнері, 1-ХVII-XVIII ғасырлардағы Батыс Еуропа өнері, 1-ХІХ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан бейнелеу өнері) – қазақ тілінде
Көркемсурет2 (1-кескіндеме, 1-кітап графикасы)3 (1-кескіндеме, 2-мүсін)1 (кескіндеме)
Дизайн2 (1-графикалық дизайн, 1-сәулеттік дизайн) — қазақ, орыс тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар1 (сәулеттік дизайн — қазақ, орыс тілдерінде)1 (графикалық дизайн — қазақ, орыс тілдерінде)
Сәндік өнер1 (зергерлік іс)1 (көркем тоқыма)
Сән және костюм дизайы14 (1- бас киімдер дизайны, 2-костюмді жобалау, 1- тігін өндірісінің технологиясының негіздері)1 (костюм тарихы)
Хореография педагогикасы1 (тарихи-тұрмыстық биді оқытудың теориясы мен әдістемесі — орыс тілінде)2 (1-классикалық бидің әдістемелік негіздері, 1-әлемнің фольклорның билері) — орыс тілінде 3 (1-Еуропалық билерді оқыту әдістемесі, 1-латынамерикалық биді оқытудың әдістемесі, 1-халық-сахналық биінің әдістемелік негіздері) — орыс тілінде
Балетмейстерлік өнер12 (1-қазіргі заманғы хореографиядағы балетмейстер өнері — орыс тілінде,        1 — НИРМ, НИРД — қазақ, орыс тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар)
Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар2 (1-философия, 1-құқық негіздері) — қазақ, орыс тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар2 (1-саясаттану, 1-құқық негіздері) — қазақ, орыс тілдерінде
Шет тілдер және Қазақстан халқы Ассамблеясы1 (ағылшын тілі)
Компьютерлік технологиялар1 (1-бағдарламалауға кіріспе  — қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар)1 (компьютерлік графика — қазақ, ағылшын тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар)5 (1- Web қосымшаларды жасау, 1-математика, 1- конвергенттік журналистика,               1-мобильді қосымшаларды дайындау, 1-ICT) — қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде
Арт-менеджмент және продюсерлеу1 (өнер саласындағы жобаларды басқару — қазақ, орыс, тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар)  2 (1-арт-менеджментке кіріспе — орыс, ағылшын тілдерінде, ғылыми дәрежесі бар,           1-гастроль және концерт әрекетінің ұйымдастыруы (5 жылдан көп тәжірибесі бар)

Профессор–оқытушы құрамының лауазымдарына орналасуға арналған конкурс ҚР МАМ «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережеге сәйкес жүргізіледі.

Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессор-оқытушы құрамының лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Кафедра меңгерушісінде  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары, білім менеджменті бойынша  біліктілікті арттыру  курстарынан өту туралы сертификаттың (куәлік) болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  2. Профессорда жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы немесе Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы және профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 10 жыл, соның ішінде доцент лауазымында  кемінде 5 жыл,  оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  3. Доцентте жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі немесе  қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз жұмыс өтілі кемінде 7 жыл, соның ішінде аға оқытушы лауазымында  кемінде 5 жыл, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  4. Аға оқытушыда  жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде оқытушы лауазымында  кемінде 3 жыл немесе кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша тәжірибелік (шығармашылық) жұмыс  өтілі кемінде 7 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі және/немесе  Қазақстан Республикасының құрметті атағы және/немесе мемлекеттік наградасы, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.
  5. Оқытушыда  кафедраның тиісті бейінінің мамандығы бойынша жұмыс  өтілі кемінде 3 жыл  болған жоғары білімі және/немесе магистр академиялық дәрежесі, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстары болуы керек. Ағылшын тілін білу айрықша құқық береді.

Конкурсқа қатысушының базалық білімі (жоғары білімі), ғылыми және академиялық дәрежесі, жұмыс өтілі оқытылатын пәннің бейініне сәйкес келуі міндетті.

Артықшылықтар ғылыми дәрежесі және/немесе ғылыми атағы және/немесе құрмет атағы (ҚР мемлекеттік марапаттары) барларға, ағылшын тілін меңгергендерге, алыс шетел университеттерінде оқытушылық тәжірибесі барларға, оқытудың кредиттік жүйесі бойынша жұмыс негіздерін меңгергендерге беріледі.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар Академия ректорының атына өтініш жазады. Өтінішке қоса мына құжаттарды тапсырады:

  1. конкурсқа қатысушы өзі толтырған, тұрғылықты мекенжайын, байланыс телефондарын (үй, жұмыс, ұялы телефондары) және электронды мекенжайын көрсеткен кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы (фотосуретімен).

Жеке парақтағы еңбек қызметі жайындағы ақпарат конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатқа сәйкес толтырылады. Конкурсқа қатысушының жеке парағында көрсетілген еңбек қызметі конкурсқа қатысушының еңбек өтілін дәлелдейтін құжатпен сәйкес келмейтін болса, онда құжатта келтірілген ақпараттар ескерілетін болады;

  • өмірбаян;
  • жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;
  • конкурсқа қатысушының соңғы жасаған жұмыс орнының уәкілетті тұлғасының қолымен және ұйымның мөрімен расталған, Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 — қосымшаға (бұдан әрі мәтін бойынша — №2 — қосымша) сәйкес толтырылған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстарының тізімі;
  • мекеме басшысы қол қойған мінездеме;
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша;
  • тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  • еңбек кітапшасы;
  1. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  2. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  3. оқу-әдістемелік құжаттама (хабарландыруда көрсетілген пәндерге сәйкес силлабус).

Академияда жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. кафедра меңгерушісі қол қойған мінездеме;
  2. Ереженің ажырамас бөлігі болып табылатын №2 қосымшаға сәйкес жасалған, кафедра меңгерушісінің қолымен расталған ғылыми, оқу-әдістемелік және шығармашылық жұмыстардың тізімі (бұдан әрі мәтін бойынша – № 2 қосымша);
  3. кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер кандидаттар үшін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама;
  4. соттылығы жоқ туралы анықтама;
  5. құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама алуға келісім беру;
  6. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  7. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтындығы туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде бір жылдан ерте емес жасалған флюорография суреті;
  9. барлық оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік құжаттама (оқытушының ағымдағы және алдағы оқу жылына арналған жеке жоспары бойынша сағаттарды орналастыруға сәйкес ПОӘК және силлабус).

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамада  ұсынылғанда немесе өтініштерді беру мерзімін бұзу жағдайларында тұлғасының құжаттарды қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.

            Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі 127, № 2 кабинет  (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2024 жылдың 24 мамырына дейін өткізілуі керек.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия