Ұлы Отан соғысындағы
Ұлы Жеңістің 79 жылдығынаарналған тәрбиелік іс-шара
Іс-шараның бейне сілтемесі
https://drive.google.com/file/d/19TErYBsOO9UmJa4u9AxVylkA2NmjGrqf/view?usp=sharing
2024 жылғы 3 мамырында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні аясында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры Шаймерденова Меңдіғаным Джамалбекқызы «Кино және ТВ» факультетінің 1 курс студенттерімен «ҰЛЫ ЖЕҢІС! СОҒЫСТА ҚАЗА ТАПҚАН АТАЛАРМЫЗДЫҢ ЕРЛІГІНЕ БАС ИЕМІЗ!» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты:
➢ студенттердің 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы, оның қорғаушылары және қазақстандықтардың жауынгерлік ерліктері туралы білімдерін қалыптастыру;
➢ студенттердің адамгершілік-патриоттық тәрбиесіне ықпал ету;
➢ өз халқына, өз елінің тарихына деген сүйіспеншілік пен құрметке, соғыс ардагерлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу;
➢ Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихын жаңа тұжырымдамалық ұстанымдардан қайта қарау; тарихты мұрағат қорында, мәдениетте, өнерде және әдебиетте көрсету;
➢ деректі фильмдерді, КФКДЖ қорынан алынған фото жинақтарды көру;
Қолданылатын жабдықтар мен материалдар:
➢ бейнефильмдер
➢ презентациялар
Студенттер « Менің отбасымның тағдырында Ұлы Отан соғысы. Балаларым мен немерелерімнің есінде өмір сүру үшін не істеймін» тақырыбына эссе жазды.
Студенттердің баяндамалары:
1. Орумбаева Гаухар: «Ұлы Отан соғысы жылдарында өз елі мен халқынның атын шығарған Қазақстанның ұлы әйелдері»
2. Карл Дамир: «Кеңес Одағының қазақстандықтар батырлары және олардың жауынгерлік ерліктері»
4. Канапьянов Шакарим: « Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының шайқасында»
6. Паничкина Елизавета: «Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әндері бар бейнероликтер»
Іс — шара барысында студенттердің баяндамалары тыңдалды, фильмдер қаралды, мерекенің ел тарихындағы маңызы ашылды. Іс-шара студенттер үшін жаңа тарихи деректермен байытылды. Студенттер пікір алмасып, бұл мерекенің халықтар достастығын нығайтудағы рөлі мен маңызын атап өтті.