• 21.11.2024

Бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Авторkaznai

Июн 26, 2024

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі бос азаматтық лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:

Атауы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.

Негізгі қызметі: негізгі орта (7-9-сыныптар мектеп-интернаты), техникалық және кәсіптік (колледж), жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура және PhD докторантура) білім беру, балалар мен ересектерге арналған қосымша білім беру (бұдан әрі — Білім беру) саласындағы қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ әртүрлі бағыттар бойынша өнер саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізу және үйлестіру.

Орналасқан жері: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127.

Лауазым: қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметінің маманы (уақытша болмаған жұмыскердың орнына) – 1 бірлік.

Азаматтық қызметшінің лауазымдық жалақысы:

КатегорияЕңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақы (теңге)
бастапдейін
С 27255885477

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білім, жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, персоналды есепке алу және қозғалысы жөніндегі құжаттаманы жүргізу жөніндегі әдістемелік материалдарын, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасын, ұйымның құрылымы мен штатын, ұйым қызметкерлерінің еңбек кітапшалары мен жеке істерін ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін, жұмысшылар кәсіптері мен Қызметшілер лауазымдарының атауларын беру тәртібі, кадрлар қозғалысын есепке алу және белгіленген есептілікті жасау тәртібі, табельдік есепке алуды ұйымдастыру, ұйымның персоналы туралы деректер банкін жүргізу тәртібін, іс жүргізу негіздері, еңбек заңнамасының негіздерін; ішкі тәртіп ережелерін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын,  қауіпсіздік техникасы,  өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігін білуі тиіс.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 25.12.2015 ж. №1017 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысы мен педагогін қоспағанда, азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Академия ректорының атына өтініш береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;
  2. 3х4 фото — 4 дана;
  3. барлық қажетті мәліметтер толық мазмұндалған өмірбаян;
  4. түйіндеме;
  5. білімі туралы дипломдардың қосымшасымен бірге көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  6. ғылыми дәреже, құрметті атақтар берілгені туралы аттестаттардың, дипломдардың көшірмелері;
  7. қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  8. тіркелген жері бойынша (Алматы қаласы немесе Алматы облысының жақын жатқан аудандары) ҚІБ мөртабаны бар әскери билеттің (тіркеу куәлігінің) көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  9. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;
  10. еңбек кітапшасы;
  11. құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ақпараттық жүйелері арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар-жоғы туралы анықтама алуға келісім беру;
  12. соттылығы жоқ туралы анықтама;
  13. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
  14. конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  15. флюорография суреті бар жеке медициналық кітапша.

Осы тармақта көзделген қажетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды конкурсқа қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, № 2 кабинет (қызметкерлерді құжаттау және тіркеу қызметі).

Құжаттар 2024 жылдың 09 шілдесінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

Анықтама телефоны: 8 /727/272-97-85.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия