• 24.11.2024

Болашақ ынтымақтастыққа қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды

Авторkaznai

Авг 8, 2024

2024 жылдың 7 тамызында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Тайвань Ұлттық өнер университетінің «Дыбыс және бейнелеу өнері» факультетінің деканы, профессор Цай Чин-Тонг ресми сапармен келді. Кездесу барысында профессор Цай Чин-Тонг мен Академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Халықов Қабыл Заманбекұлы екі оқу орындары арасындағы болашақ ынтымақтастыққа қатысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

    Кездесу барысында академиялық ұтқырлық, профессорлық-оқытушылық құраммен және PhD зерттеушілермен алмасу, бірлескен конкурстар мен көрмелерге қатысу және өткізу сияқты стратегиялық бағыттарға баса назар аударылды. Бұл сұрақтар екі тарап үшін де маңызды, өйткені олар ғылыми және білім беру байланыстарын тереңдетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар тәжірибе алмасуға және тәжірибеге жинауға ықпал етеді.

    Осыған дейін Академияның «Кино және ТВ» факультетінің басшылығы Тайваньдық әріптестерімен онлайн форматта бірлескен кинофестиваль өткізіп, Академия студенттері мен оқытушыларының үздік фильмдері ұсынылған болатын. Бұл сапар барысында екі ЖОО арасындағы ынтымақтатық туралы келісімге келуі және негізгі тармақтарын талқылауы екі оқу орынның арасындағы мәдени байланысты одан әрі нығайта түспек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия