ТАҚЫРЫП: «Халықаралық базалар мен ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмысы» семинары (Scopus, Science Direct, Web of Science CC, ResearchGate, Google Scholar, ORCID, h-index және т.б.)
2024 жылдың 18 қыркүйегінде Scopus, Science Direct, Web of Science CC, ResearchGate, Google Scholar, ORCID, h-index және т.б. сияқты халықаралық базалары мен ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмысы бойынша семинар өтті.
Семинарға академияның жас ғалымдары, студенттері мен оқытушылары қатысты.
Академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Халықов Қабыл Заманбекұлы ғылыми басылымдардың көрнекілігін арттыру үшін халықаралық мәліметтер базасы мен ғылыми әлеуметтік желілердегі зерттеушілердің жұмысының маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, h-index және ORCID сияқты дәйексөздерді бақылау құралдарын пайдалану, ғылыми белсенділікті бағалауда басты рөл атқарады. Бұл ғылыми зерттеушілердің беделін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар Академияның халықаралық аренадағы жалпы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
«Балетмейстерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі Молдахметова Алима Талғатқызы «Scopus деректер базасында мақалаларды қалай жариялау керек» тақырыбында баяндама жасады.
Ғылыми-редакциялық бөлім меңгерушісі Рамаданова Жанна Дидарбекқызы семинарға қатысты келесі сұрақтарды таныстырып, түсіндірді:
- Scopus және Web of Science деректер базасында тіркелу;
- Мәліметтер қорынан журналдар мен авторларды іздеу;
- Журнал квартильін анықтау;
- Журнал импакт-факторын анықтау;
- Авторлық h-индексін анықтау,
сондай-ақ ғылыми әлеуметтік желілерде ResearchGate, Google Scholar, ORCID және т.б. мақалаларды тіркеу және орналастыру мәселелері.
Семинар соңында халықаралық мәліметтер базасы мен ғылыми әлеуметтік желілерде сәтті жариялау бойынша ұсыныстар берілді.
Семинарды ұйымдастырушы: Ғылыми-редакциялық бөлімі.