• 06.10.2024

«Жер ағыны» халықаралық көрмесі

Авторkaznai

Қыр 30, 2024

Бүгін Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде «Жер ағыны» атты халықаралық 16-шы көрмесі ашылды. 

Аталмыш көрме Оңтүстік Кореяның (DIAEA) Тэджон қаласындағы «Халықаралық өнер алмасу қауымдастығы» мен «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының» ұйымдастыруымен өткізілді. 

Көрмеде кескіндеме, мүсін, графика және аралас техникада орындалған туындылар қойылды. Суретшілер өз туындылары, бағыттары мен  стильдері, жалпы заманауи өнер тілімен әлем халықтарының мәдени дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын дәріптеп, оны арттыруға үлес қосты.

Бұл көрмеге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері танымал қазақстандық суретшілер – Жұмақын Қайрамбаев,  Болат Тұрғынбай, Бауыржан Байділда, Өмірбек Жұбаниязов, Малик Жунисбаев, Серік Тайнов, Болат Құсайынов, Естай Даубай т.б. қатысты.

«Жер ағыны» көрмесі бейнелеу өнері саласындағы жаңа заманауи бағыттағы өнер туындыларыларымен өз көрермендерінің көңілінен орын тапқанына кәміл сенеміз.

Көрме қатысушыларына Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы атынан және ҚР суретшілер одағы атынан алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия