2024 жылдың 1 қазанында «Хореография» факультетінде Аргентиналық танго бойынша шеберлік сыныбы өтті, оған «Хореография педагогикасы» және «Балемейстерлік өнер» кафедраларының студенттері қатысты. Шеберлік сабағын Tango Cafe жобасының (би өнері орталығы) негізін қалаушы, 32 жылдық тәжірибесі бар кәсіби биші, Латынамерикалық билерден Латвия чемпионы, 26 жылдан астам тәжірибесі бар оқытушы Евгений Арапочкин өткізді. Е.Арапочкин соңғы 15 жыл бойы әлемнің ең атақты аргентиналық танго мұғалімдерінен сабақ алып, Латвия, Италия, Словакия және Қазақстанда жұмыс істейді.