Республика күніне орай біздің Академия студенттері арнайы флэшмоб орындап, еліміздің барша азаматтарын мерекемен құттықтады! Студенттеріміз өз өнерлерін ортаға салып, елге деген сүйіспеншіліктерін ерекше жолмен жеткізді. Бұл бастама – Отанға деген шынайы махаббат пен мақтаныштың көрінісі. Қазақстанымыздың көк туы биікке желбірей берсін!