Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының философия докторы (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 8D0421 – Өнер Диссертациялық кеңесі «6D041700 – Сәндік өнер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесiн алуға байланысты «Қазақ монументалды-сәндік гобелен өнері: дәстүрлі және инновациялық даму модельдері» тақырыбында жазылған Досжанов Бауыржан Таттибековичтің диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді. Диссертациялық жұмыс қазақ тілінде жазылған, «Сәндік өнер» кафедрасында дайындалған.
Ғылыми кеңесшілер:
Пельше Стелла – өнертану докторы, Латвия өнер академиясы
Өнер теориясы институтының аға ғылыми қызметкері (Рига қ., Латвия);
Муканов Малик Флоберович – PhD докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Көркемсурет» кафедрасының доценті.
Ресми рецензенттер:
Крыкбаева Сара Мукашевна – өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Кәсіптік білім» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Абишева Оңал Тоққұлқызы – PhD докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Дизайн» кафедрасының профессоры.
Диссертациялық қорғау 2024 жылдың 18 желтоқсанында сағат 11:00 Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоратында өтеді.
Қорғау аралас форматта (онлайн/офлайн) өтеді.
Конференция идентификаторы: 670 635 6048
Кіру коды: 2022