Мәскеу қаласында өтіп жатқан VII ТМД елдері театр фестивалі «ГИТИС — шеберлік сағаты» аясында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек» пьесасы бойынша спектакль қойды. Премьера ГИТИС оқу театрында өтті. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Фархад Молдағали.
Фестиваль ТМД қатысушы мемлекеттерінің Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры мен «Русский мир» қорының қолдауымен, TV BRICS және «Евразия сегодня» басылымының ақпараттық қолдауымен ұйымдастырылды.