Академиямыздың 1 курс студенті Рзабекқызы Мереке «Сал Домбыра» атты ІІІ Республикалық жас өнерпаздар арасындағы ұлттық өнер байқауында үлкен жетістікке жетіп, «Музыкалық аспапта орындау» номинациясы бойынша ІІ орын иегері атанды (27 қазан 2024 жыл).
Бұл жеңіс – оның таланты мен еңбегінің айқын дәлелі! Жетекшісі профессор Сұлтанғалиева Эльмира студенттің шығармашылық қабілетін дамытудағы еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз.
Алдағы уақытта да Мерекеге сәттілік, жаңа белестерді бағындыруын тілейміз!