29 қаңтар 2025 жылы сағат 10:30-да академияның кино залында Шет тілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Көптілділік және қазіргі адамның тілдік репертуары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – 21 ғасырда технологиялық прогресс пен тілдердің өзара ықпалы нәтижесінде адамның тілдік тәжірибесінде пайда болған өзгерістерді талдау, сонымен қатар, Қазақстанда қолданылатын тілдердің тазалығы мен нормативтілігін сақтаудың жолдарын анықтау.
Дөңгелек үстел аясында академияның тіл кафедралары мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту көзделеді.
Дөңгелек үстел жұмысына Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ және Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары қатысады.
Өтетін орны: Академияның кино залы
Уақыты: 29 қаңтар 2025 жыл, 10:30
Көптілділік тақырыбындағы өзекті мәселелерді талқылайтын қызықты пікірталасқа шақырамыз!