2025 жылдың 21-25 сәуір аралығында Темірбек Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Эрасмус+ бағдарламасы аясында Краковтағы Ян Матейко атындағы өнер академиясының қызметкері Регина Козик қонақта болады. Іссапар барысында қызметкер академиямыздың факультеттерін аралап, оқу үдерісімен танысады. Сонымен қатар, халықаралық бөлімнің жұмысымен жақын танысып, тәжірибе алмасу мақсатында кездесулер өткізеді.
Айта кету керек, Темірбек Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 2022 жылдан бастап Краковтағы Ян Матейко атындағы өнер академиясы тығыз әріптестік байланыс орнатқан. Жыл сайын академиялық ұтқырлық аясында студенттерді жіберіп, сондай-ақ Эрасмус+ бағдарламасы шеңберінде оқытушылар мен қызметкерлермен алмасады.



