2025 жылдың 19 сәуір күні “Кескіндеме, мүсін және дизайн” факультетінің “Кескіндеме”, “Мүсін”, “Графика” және “Сәндік өнер” білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері Шарын шатқалына оқу тәжірибесіне (пленэр) барып қайтты. Білім алушылар үшін бұл тәжірибе үлкен шабыт беріп, танымдық жағынан да, рухани тұрғыдан да ерекше әсер қалдырды.
Табиғаттың таңғажайып көріністері мен шатқалдың әсерлі ландшафты жас суретшілердің шығармашылық көкжиегін кеңейтіп, пейзаж жанры бойынша шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді. Пленэр барысында студенттер табиғи жарық пен кеңістікті сезініп, түстер үйлесімі мен композициялық шешімдерді іс жүзінде меңгерді.



Сапар барысында жетекші оқытушылар студенттерге жеке бағыт-бағдар беріп, ашық аспан астында бейнелеу өнерінің әдіс-тәсілдерін үйретті. Сонымен қатар, бұл тәжірибе курсаралық байланыс пен шығармашылық қарым-қатынасты нығайтты.
Осындай танымдық әрі тәрбиелік мәні зор шаралар жас суретшілердің табиғатты тереңірек түсініп, оны өнер тілімен жеткізуіне жол ашады. Алдағы уақытта мұндай оқу тәжірибелері жиі ұйымдастырылып, студенттердің кәсіби дамуына тың серпін беретініне сенімдіміз.





