2025 жылдың 24 сәуір күні сағат 15:00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқу театрында «Театр өнері» факультеті мен «Жеке ән салу» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Дәлел Зейнешұлы Уәштің 60 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті.
Кеш шымылдығы ұстаздың өмір жолынан сыр шертетін бейнематериалмен ашылды. Онда Дәлел Уәштің ұстаздары мен өнердегі жолдастарының естеліктері ұсынылды.
Сұхбат-концерт барысында шәкірттері сахна төрінде өнер көрсетіп, ұстаздарына деген шексіз құрметі мен алғысын жеткізді. Шынайы естеліктер мен жүрек тебірентер әндер кештің мазмұнын байыта түсті.




Салтанатты кеш соңында қадірлі қонақтар – мемлекет және қоғам қайраткері Керімжан Бижанов, «Ұлы Қазақ» бірлестігінің президенті Құсман Палабаев, «Руханият кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Исламбек Омаров және профессор Гүлдана Сапарғалиева сахнаға көтеріліп, мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдіріп, марапаттар мен алғыс хаттар табыстады.
Бұл кеш – шәкірттердің ұстазға деген ыстық ықыласы мен алғысының жарқын көрінісі болды.