Ахметжанова Айнұр Мұратқызы
2010 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультетінің «Кино және ТВ режиссурасы, продюссерлігі»мамандығын үздік бітірді, сондай-ақ Тұңғыш Президент қорының дипломдық жобасын іске асыруға грантын иеленді.
2011 жылы С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография университетінде қысқа мерзімді оқыту өтті.
2012 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ» факультетінің «Режиссура» мамандығын үздік аяқтап, магистр дәрежесін алды.
2017 жылы Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Юриспруденция» мамандығы бойынша екініші жоғарғы білім алды.
2006 жылдан бастап қалалық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік іс-шараларының жүргізушісі (конферансье).
2011 жылдан бастап «Қазақфильм» АҚ және жеке студияларда деректі фильм режиссері және директоры, оннан астам фильмдері бар.
2013 жылдан бастап Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, 2021 жылдан бастап аға оқытушысы, педагогикалық еңбек өтілі 11 жыл, сонымен қатар онға жуық жазған мақалалары, бір оқу-әдістемелік қүралы және екі кітап-жиынтығы бар.
2023-2024 оқу жылында «Кино және ТВ» факультетінің «Экрандық өнер режиссурасы» кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушысы, 2024-2025 оқу жылында «Кино және ТВ» факультетінің декан орынбасары болып тағайындалды.
Айнур Муратовнаны факультеттің жауапты қызметкері, профессорлық оқытушылық құрамымен және студенттермен өте жақсы қарым-қатынас танытып, әр-түрлі іс-шаралар атқаруды ұйымдастырады (тәрбиелік және шығармашылық мақсатта). Тәрбиелеп, оқытып келе жатқан студенттері көптеген кинофестивальдерінің жүлдегерлері.
Деректі фильмдердің режиссері және директоры ретінде жоғары санатты маман екені белгілі. Айнур Муратовна өзін кино актрисасы ретіндеде танытып жүр.
Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтің қатысуымен Астана және Алматы қалаларының іс-шаралары мен концерттерін жүргізеді.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен», сонымен қатар халықаралық кинофестивальдердің жеңімпаздарын тағайындағаны үшін Мәдениет және ақпарат министрі А.Ғ. Балаеваның Алғыс хатымен марапатталды.
Байланыс үшін — 87013318887
Іздеу
Хабарландырулар

17.05.2025

23.04.2025

18.04.2025