Магистратураға тапсырушының болашақ диссертация тақырыбы бойынша ұсынылатын рефераттың талаптары:
- Рефераттың тақырыбы мен мазмұны білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес болуы керек;
- Реферат қазақ немесе орыс тілінде орындалады;
- Рефераттың көлемі 15-20 бет;
Рефератта көрсетілуі тиіс ақпарат:
- — Титул беті (білім беру бағдарламасы бейініне сәйкес ғылыми дәрежесі бар рецензенттің қолымен);
- — Мазмұны;
- — Кіріспе (тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы, мақсаттары мен міндеттері, жұмыстың болжамы);
- — Екі-үш тарау (және оның тараушалары);
- — Қорытынды;
- — Шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі (атауы, жарық көрген жері мен жылы, жалпы көлемі).
- Шрифт Times New Roman, кегль – 14. Мәтін интервалы – 1, жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см сақтап жазылуы керек. Абзац шегінісі – 1 см.
Іздеу
Хабарландырулар

17.05.2025

23.04.2025