12 қыркүйек күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Сычуань музыка консерваториясы (ҚХР) арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум орнады. Құжатқа екі жоғары оқу орнының ректорлары қол қойды. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықтың келешегін талқылап, нығайтуға бағытталған мазмұнды, жүйелі жұмыс жүргізуге дайын екендерін білдірді.
Аталған меморандум шеңберінде алдағы уақытта бірлескен шығармашылық жобаларды жүзеге асыру, оқу бағдарламаларын жетілдіру, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту жоспарланған.
