Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу театрында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Композиторлар одағының мүшесі, «Alakoz» камералық хорының көркемдік жетекшісі және бас дирижері, белгілі хормейстер Тұрым Алагөзовтің шығармашылық кеші өтті. Бұл жүздесу әңгімелесу форматында жүргізіліп, маэстро орындаған әндермен өрнектелді.
Кеш соңында Академияның Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қабыл Халықов дирижерге еліміздегі хор өнерін дамытуға қосқан сүбелі үлесі үшін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Құрметті профессоры атағын табыстады.
Рухани әлемді байыта білген өнер иесі мазмұнды кеште студенттердің ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленді.





