• 25.11.2024

Тақырыптық шығарылымдар туралы CAJAS дөңгелек үстелі

Авторkaznai

Окт 20, 2021

2021 жылдың 20 қазанында Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми-редакциялық бөлімі Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде «Өнер» бағыты бойынша ҚР БҒМ БҒСБК басылымдар тізбесіне кіретін Central Asian Journal of Art Studies халықаралық ғылыми журналы үшін 2022 жылға арналған тақырыптық бағыттарды талқылау болды.

Тақырыптық бағыттар:

1. Өнер туындыларындағы экологиялық мәселелер

2. Гуманизм — жаңа әлемнің эстетикасы?

3. Азия әлемінің креативті индустриясы және болашақ өнері

4. Өнердегі Медиа және компьютерлік технологиялар: pro et contra

Дөңгелек үстел жұмысына келесі ЖОО мен зерттеу мекемелерінің оқытушылары мен ғалымдары қатысты:

1. Болгария Ғылым академиясы (София, Болгария)

2. Қазақ ұлттық хореография академиясы (Нұр-Сұлтан)

3. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы)

4. Қазақ ұлттық өнер университеті (Нұр-Сұлтан)

5. Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы)

Дөңгелек үстелде спикерлер қоғамда да, ғылыми дискурста да пісіп-жетілген проблемаларды CAJAS журналында уақтылы және өзекті белгілеуін атап өтті. Кейбір қатысушылар бірлескен ғылыми жобаларға қатысуға, сондай-ақ 2022 жылы CAJAS тақырыптық шығарылымдарына өздерінің авторлық ғылыми зерттеулерін дайындауға ниет білдірді.

CAJAS редакциясы дөңгелек үстелде айтылған идеялары үшін барлығына алғыс білдіреді және ЖОО-дағы барлық әріптестеріне жемісті ғылыми шығармашылық тілейді.

Приемная комиссия