2025 жылғы 7 қарашада Гонконгта (Қытай) спорттық бал билері бойынша Азия чемпионаты өтті. «Хореография педагогикасы» кафедрасының 1 курс студенті Исхаков Даниил екі категория бойынша Азия чемпионы атанды: Танго және Квикстеп.
2025 жылғы 8 қарашада мәнерлеп сырғанаудан Алматы қаласының Чемпионаты өтті. «Хореография педагогикасы» кафедрасының 2 курс студенті Алексеева Амина 3 орын алды.
2025 жылғы 2 желтоқсанда Атырауда Aelita Cup 2025 атты би спортынан XVI Халықаралық турнир өтті. «Хореография педагогикасы» кафедрасының 1 курс студенті Исхаков Даниил ашық класста «Жастар» санатында бірінші орынды иеленді.
«Хореография» факультетінің студенттерін құттықтаймыз және жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!






