2026 жылғы 16–20 ақпан аралығында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Ғылым апталығы ұйымдастырылады. Іс-шара «Қазақстан ғылым мен өнер көкжиегінде: тарихи сана, бірегейлік пен мәдени мұра» тақырыбы аясында өтеді.
Ғылым апталығының бағдарламасы ғылым, өнер және цифрлық мәдениет тоғысындағы өзекті мәселелерді қамтиды. Апта барысында ғылыми-шығармашылық workshop-тар, иммерсивті перформанстар, зияткерлік пікірталастар, start-up жобалар, project sprint, интерактивті диалог-картография және әлеуметтік хакатон өткізіледі.
Іс-шараларға «Хореография», «Өнертану», «Музыкалық өнер», «Театр өнері», «Кескіндеме, мүсін және дизайн», «Кино және ТВ» факультеттерінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысады. Бағдарламада ұлттық бірегейлік, тарихи жады, жасанды интеллект, цифрландыру, мәдени код және өнердегі жаңа технологиялар мәселелері талқыланады.
Ғылым апталығы Қоғамдық пәндер секциясы аясында, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен өтеді.
Өтетін орны: Ә. Кекілбайұлы көшесі, 133.








