2026 жылғы 17 ақпанда сағат 11:00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Асқар Тоқпанов атындағы оқу театрында абайтанушы, шәкәрімтанушы, текстолог, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған «Алаштың соңғы тұяғы» атты театрландырылған мәдени шара өтеді.
Іс-шара аясында ғалымның өмір жолы мен ғылыми мұрасы кеңінен насихатталып, студенттердің әдеби-композициялық қойылымы, бейнероликтер, Қайым шығармаларынан көркем оқулар және арнау әндер ұсынылады.
Шараның мақсаты – Қайым Мұхамедхановтың бай мұрасын жас ұрпаққа таныту және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.








